Шымкентте 3 055 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкентте 3 055 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдануда. Бүгінгі күнге 30 691 отбасыға кеңес беріліп, тиісті қызмет көрсетілді. Ал, 9 613 отбасының өтініші қабылданып, 3 055 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өтініш қабылданған 9 613 отбасының 6 730-ы шартты, 2 883 отбасы шартсыз түрде алушылар деп танылды және 167 отбасының өтініші кері қайтарылды (мұқтаж емес деп танылған).

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды кедейшіліктен шығару мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамту шараларына тартылатын болады.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Перейти к верхней панели