ЖаңалықтарҚалаӘлеумет

ШЫМКЕНТКЕ ЕҢБЕК БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕЛДІ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Шымкент қаласына іс-сапармен келді, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Шымкент қаласының әкімдігінде өткен жиынға қатысты.

Жиында басқа да мекеме өкілдері мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасар Ербол Садыр және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев қатысты.

Аталған жиында бірінші вице-министр Ержан Жұматұлы жаңа жылдан бастап жүзеге асатын маңызды жобаны таныстырды.

Ел арасында аңызға айналған «21 мың теңгенің» көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған жалғызілікті отбасыларға кедейлік шегінен шығу үшін берілетінін түсіндіріп өтті. Және де бұл үнемі берілетін жәрдемақы еместігін айтты.

Бұдан бөлек, жаппай кәсіпкерлікті қолдауға арналған 505 мың теңге мемлекеттік гранттарды тағайындаудың талап-шарттары 2020 жылдан бастап өзгеретінін хабарлады. Мысалы, осы уақытқа дейін үміткерлер үш ай немесе 21 күн арнайы дайындық курстарында оқыған болса, келесі жылы дайындық курстарын оқымай-ақ, 505 мың мемлекеттік грантқа қатыса алады.

Еске салайық, Шымкент қаласында 2019 жылдың басынан (а.ж. 18 желтоқсанына дейін) атаулы әлеуметтік көмекке 69 735 отбасы (336 217адам) өтініш білдірген. Нәтижесінде, 53 258 отбасыға (253 764 адам) нақты тағайындалған. Қазіргі таңда 41 мыңнан астам отбасы АӘК-тің шартты ақшалай көмегіне өздерінің дара кәсіптерін ашқан.

Ал, жаппай кәсіпкерлік қолдауда жаңа бизнес идея үшін Шымкент қаласы бойынша 1846 адам 505 мың мемлекеттік грант иегері атанған.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button