Без рубрики

Шымкентке Еңбек бірінші вице-министрі келді

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін Еңбек бірінші вице-министрі Е. Жылқыбаев келді, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Бірінші вице-министр Ержан Жылқыбаев Шымкент қаласындағы әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыстарымен танысты. Осыған сәйкес қызмет көрсету пунктеріне барды.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында АӘК-ке құжаттар 5 мекен-жайда қабылданады. Олар:

  1. Бәйтереков көшесі, 89. Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты;
  2. Бәйдібек би даңғылы, 60. Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимараты;
  3. Тыныбаев көшесі, 49. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимараты;
  4. Тәуке хан даңғылы, 3. Абай ауданы әкімі аппаратының ғимараты;
  5. Толстой көшесі, 119. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ғимараты.

Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда ол және оның отбасы мүшелерінің барлығы АӘК алу құқығынан айырылатын болады.

Rastimes.kz сайты

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button