ҚалаҚоғам

Шымкент. «Shymkent BUS» қарызға батқан ба?

Растаймыз!

«Ақпараттық-коммуникациялық орталығында» «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның төрағасы Әбілсейіт Рабаев пен «Shymkent BUS» ЖШС-ның директоры таңертең автобус паркінде орын алған жағдайға қатысты брифинг өткізді.

Бүгінгі күні қазан айында 361 қызметкер алдындағы жалақы бойынша берешек 51,3 млн.теңгені құрайды. Осы аптаның соңына қарай қоғамдық көлік қызметкерлері алдындағы қарыз өтелетін болады.

20.11.2019 жылғы жағдай бойынша 231 автобус 12 маршрутта жүр, ал 69 автобус маршруттардың болмауы себебінен мөрленген. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен Жолаушылар тасымалы үшін 13 бағыт бойынша конкурс өткізу күтілуде және нәтижесінде барлық 300 автобус пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button