Қала

ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ МЕРЕКЕЛІК СЫЙ ЖАСАЛДЫ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкентте Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 100 дана жаңа медициналық көлік бұйырды. Жаңа көліктердің кілтін қала әкімі Erlan Aitahanov табыстады, — деп хабарлайды. Растаймыз!

«Жедел жәрдем қызметінің қиын екенін білеміз. Қаламызда бар-жоғы 86 көлік жұмыс істейтін. Мемлекет басшысының медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатындағы тапсырмасымен 100 жаңа жедел жәрдем көлігін алдық. Алдағы уақытта тағы да арнайы көлікпен қамту жоспарда бар. Келесі жылы call-орталық ашылады», — деді қала әкімі Ерлан Айтаханов.

Заманауи көліктер талапқа сай жасалған. Науқас азаматқа алғашқы көмек көрсететін құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button