Без рубрики

Шымкент: Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті кімдер, қай күні тапсыратыны белгілі болды

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті кімдер, қай күні тапсыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

АӘК-ге өтініш білдіруші тегінің (фамилия) бірінші әрпі бойынша қабылданады.

Шымкентте АӘК-ге құжаттар тапсыру 2020 жылдың 5 қаңтарында басталады, деп хабарлайды мамандар.

Шымкент қаласында АӘК-ге құжат тапсыру тәртібі:

1. Өтініш білдіруші тегінің бірінші әрпі бойынша қабылданады

А, Ә – 5-6 қаңтар;

Б, В – 8-9 қаңтар;

Г, Ғ, Д – 10-13 қаңтар;

Е, Ё – 14-15 қаңтар;

Ж, З – 16-17 қаңтар;

И, Й – 20 қаңтар;

К, Қ – 21-22 қаңтар;

Л, М – 22-23 қаңтар;

Н, О, Ө – 27 қаңтар;

П, Р – 28 қаңтар;

С, Т – 29 қаңтар;

У, Ү, Ұ – 30 қаңтар;

Ф, Ц, Х, Ч, Ш, Щ, І, Ы, Э, Ю, Я – 31 қаңтар күндері.

2. Тиісті құжаттар – жеке куәлік және өтініш берушінің банктен жеке есепшоты Отбасында 23 жастан аспаған студент бала болса, оқу орнынан анықтама;

Некені бұзу туралы куәлік болған жағдайда, алимент туралы анықтама;

Әке болып тану туралы (егер әкесі отбасымен бірге тұрмаса) куәлік болса, алимент туралы анықтама қажет.

3. АӘК-ге өтініш берушілер тұратын мекенжайы бойынша өз ауданының мамандарына жүгінеді. Мамандар немесе кеңесшілерге наразы болған жағдайда бөлім басшыларына хабарласуларына болады:

Абай ауданы – Бөрібеков Еркебұлан Мұратұлы, 8-707-125-7696;

Әл-Фараби ауданы – Давлетов Зухруддин Закиржанович, 8-775-651-8689;

Еңбекші ауданы – Амангелді Қонарбай Амангелдіұлы, 8-702-962-8816;

Қаратау ауданы – Нұрбекова Айгерім Сайфидинқызы, 8-701-127-1113.

Мекен-жай: Жұмыспен қамту орталығы, Бәйтереков көшесі, 89.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі


Ұқсас материалдар

Бір пікір

  1. Мен Қазығұрт ауданы Жаңа базар ауылында тұрамын құжаттарды өз ауданымызға тапсырамынба? 6-перзенттім бар 2-уі күндізгі бөлім студентті кенжем 11-айлық құжаттарды тапсыруға балама?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button