Қала

Шымкент әкімі балаларды құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Мерекеге орай, әкім қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен онлайн кездесіп, олардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Бүгінде әр баланың дені сау, сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалып жатқанын айтқан қала басшысы кез-келген сәтте балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Құрметті балақайлар! Сіздерді жаздың алғашқы күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен құттықтаймын! Жазғы демалысты ұтымды пайдаланып, көңілді өткізулеріңізге, шынығып жаңа оқу жылына күш жинауларыңызға тілектеспін»,-деді М.Әйтенов.

Айта кетейік, биылғы жылы №3, 4 балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жазғы демалысын ұйымдастыруға 45,8 млн. теңге қаржы қаралған. Балаларға 2020 жылғы 10 маусым мен 28 тамыз аралығында «Бәйшешек» сауықтыру лагерінде жазғы сауықтыру шаралары ұйымдастырылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button