Без рубрики

ШҚО-да короновирусқа қарсы жедел штаб құрылды

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, Rastimes.kz —Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қытайдан шыққан коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ШҚО-да жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов фейсбук парақшасында жазды.

ҚХР-мен біздің облыстың шығыс бөлігі шектеседі. 2 ақпанға дейін «Бақты» және «Майқапшағай» кеден бекеттері арқылы шекарадан өту тоқтатылды. Қазіргі таңда екі бағытта да азаматтар мен тауарлардың қозғалысын толық тоқтату мәселесі шешілуде.

ШҚО-да азаматтарымызды қауіпті аурудан қорғау үшін не істелінді:
1. Шекаралық бекеттердегі санитарлық-бақылау пункттері тепловизорлармен жабдықталды. Бақты және Майқапшағайда 6 тепловизор бар. Семей және Өскемен әуежайларында жолаушыларды мониторингтен өткізу үшін үш тепловизор жұмыс істейді. Алдағы күндері «Ақтоғай» теміржол станциясын тепловизорлармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

2. Өңірдің барлық медициналық ұйымдары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде. Вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры, сондай-ақ 12 400 қорғаныш костюмдері, 670 000 респиратор және 7 млн. бірреттік маскалар бар.

3. Күдікке ілінген, вирус жұқтырған адамдарды тасымалдайтын 2 жеке көлік капсуласын дайын. Тағы 4 капсулаға және Л-1 типті 18 қорғаныш костюміне өтінім берілді.

4. Қытай шекарасынан ары-бері өткен азаматтардың денсаулық жағдайы мұқият тексеруге алынған

Достар, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында короновируспен ауырған жағдайлар тіркелген жоқ.
Жағдай менің жіті бақылауымда, — дейді әкім Даниал Ахметов.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button