ЖаңалықтарОблысӘлеумет

Шардаралық шаруалар жанармай тапшылығын көрмейді

Аудан әкімінің орынбасары А.Тәженов және аудандық ауыл шаруашылық бөлімнің басшысы Т.Әлімқұлов, ауданға жанармай тасмалдаушы «КазРосНефть» және «Simyrg Trans Oil» ЖШС-і өкілдерімен кездесті. Қазіргі таңдағы, аудандағы шаруа қожалықтарға жанармай тасмалдау, жеткізу, жанармай қорының көлемі және оның бағасы жайлы сөз қозғалды.

Аталмыш, жанармай операторлары қоймасында аудандағы шаруалар мен фермерлерге қажетті жағармай қоры толықтай жететіндігін айтты. Сондай-ақ, жанармайды бастапқы босату орталығынан 160 теңге, ал жеткізіп тасмалдау түрі бойынша 163 теңге көлемінде босатып жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, биылғы жылы әлемдік төтенше жағдайға байланысты жанармайға сұраныстың төмендегенін де жасырмады.

«Бізге арзандатылған жанармай көлемінің босатылып, тиісті орындарға жеткізілгені тиімді. Қазір ұсақ шаруа қожалықтар аз көлемде ғана жанармай алып, ал тонналаған жанармай қоймаларымызда ұзақ сақталып қалуда. Бұл бізге шығын. Сондықтан, үлкенді-кішілі шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан жеңілдетілген жанармай көлемін алуға асығыңыздар деген болар едік. Біз аудандағы шаруа қожалықтарына қанша жанармай қажет болса, сонша көлемде босатып, жеткізіп те бере аламыз «-деді жанармай тасымалдаушы операторлары.

Аудан әкімінің орынбасары А.Тәженов операторлардың сөзін тыңдап, арзандатылған жанармай қорының бар екені жөнінде хабарлауды, осы тұрғыда тиісті жұмыстар атқару керектігі жөнінде салаға жауапты бөлімге тапсырма берді.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button