ЖаңалықтарОблысСаясат

Шардарада онлайн тамыз кеңесі өтті

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың қатысуымен онлайн форматта Шардара ауданының білім беру саласы қызметкерлерінің «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбында аудандық тамыз конференциясы болып өтті. Аудан басшысы барша ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұстаздар қауымына өз ыстық лебізін жеткізді.

Конференцияға аудандағы 30 мектептің мұғалімдері онлайын режимде қатысты.

Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Бердалиева конференцияда биылғы оқу жылының қарсаңында оқыту әдістері мен бағдарламаларын игеру, онлайн режимде білім беру сапасын жақсарту, қажетті білім мен дағдыларды беру, қашықтан оқу кезеңінде керекті техникалармен қамтамасыз ету, функционалдық сауаттылық және сыни ойлауды дамыту тұрғысында баяндама жасады.
Сондай-ақ, алдағы уақытта ата-аналар мен оқушыларға оқу жүйесінің ерекшеліктері жайлы қосымша түсіндірілетіні атап өтілді.

(с) Шардара аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button