ЖаңалықтарОблысӘлеумет

Шардарада 45 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда

Елімізде қазақтың ата кәсібі саналатын мал шаруашылығын дамытуға көптеген қолдаулар көрсетілуде. Соның ішінде ет, сүт және тағы да басқа табиғи өнім беретін асыл тұқымды мүйізді ірі қараны көбейту қарқынды жүруде. Ауданымызда ағымдағы жылы аналық ірі қара мал тұқымдық түрлендіруге 6577 бас ірі қара алынса, оған қоса бүгінге дейін 340 бас бұқа сатып алынды.

Қазіргі таңда, бұл көрсеткішті, аналық ірі қара мал тұқымдық түрлендіруге 13600 бас, бұқа сатып алу 544 бас межесін орындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш бағыттағы жұмыстарымен аудандағы 104 агроқұрылым тұрақты айналысуда. Яғни, ауданның 104 нүктесінде ірі қараны асылдандыру және түрлендіру жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, бүгін де ауданда 45 мал бордақылау алаңдары жұмыс жасап жатса, 877 бас бұқашықтар өнеркәсіптік мал сою алаңына өткізіліп, сапалы түрде нарыққа шығарылуда.

Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button