Жаңалықтар
Trending

Сергей Деревянченко тағы жеңіліп қалды

Анкасвиллде (АҚШ) украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) мен америкалық Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) арасында Орта салмақта жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Sports.kz.

Чарлоға тиесілі WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғау қауіпті болды. Өйткені, оның қарсыласы әлем чемпиондығына үміткер — Сергей Деревянченко. Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті чемпионға берді — 116-112, 117-111 және 118-110. Осылайша, Чарло белбеуін және жеңілмеген боксшы мәртебесін сақтап, 31 рет жеңіске жетті, ал Деревянченко мансабында үшінші жеңіліске ұшырады.

Айта кету керек, аталған салмақ дәрежесінде IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белдіктерге Қазақстан өкілі Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) ие болды. Ол өткен жылдың 5 қазанында жеңіске жетіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Сергей Деревянченконы жеңді.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button