СаясатӘлем

Нью-Йорк билігі электронды темекі өндірушіні сотқа берді

Нью-Йорк штатының Бас прокуроры Летиция Джеймс америкалық электрондық темекі және вейпинг үшін JUUL Labs азық-түлік өндірушісіне қарсы сотқа арыз берді.

Оның мәлімдемесінде JUUL жарнамасы  «Нью-Йорк штатындағы жастар арасында вейпинг індетінің таралуына ықпал етеді, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеледі. Өйткені олардың өнімдері никотин бар екенін ескертпейді және оларды кәдімгі темекіге қауіпсіз балама ретінде жалған жарықта ұсынады», — деп айтылған.

Сейсенбі күні Juul-ге қатысты Калифорния билігі де дәл осындай талаппен жүгінді. Ксавьер Бесерра штатының Бас прокуроры мәлімдегендей, талап «денсаулық сақтаудағы дағдарыстық жағдайдың туындауына жағдай жасауға байланысты» деп жазылған. Оның айтуынша, JUUL компаниясы мен электрондық темекі индустриясы «вейпинг желісіне балаларды тартады». Билік денсаулық сақтау жүйесінде дағдарысты тудыратын кез келген компанияларды жауапкершілікке тартуға ниетті.

«Мен JUUL-ге қарсы талап арыз бердім. Компания кәмелетке толмағандарға бағытталған алдамшы маркетингтік тәжірибені қолдана отырып, тұтынушыларды өз өнімдерінің зиянсыздығына сендіріп, жаңылыстыруға әкеледі. Олар көптеген Нью Йорк тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірді, және біз мұнымен келіспейміз», — делінген Бас прокурордың ресми Twitter-аккаунтында.

Қазіргі уақытта АҚШ Федералды сауда комиссиясы (FTC), азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын қадағалау басқармасы (FDA) және бірнеше штаттың прокурорлары Juul Labs компаниясының жарнамалық саясатына және темекі шегуге арналған қоспа құрамына қатысты тергеу жүргізуде. Калифорниядағы Федералды прокуратура осы электрондық темекі өндірушіге қатысты қылмыстық істі тергеуді бастады, бірақ тергеу мәні туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Juul – АҚШ-та электрондық темекі нарығы көшбасшыларының бірі. 2017 жылы құрылды. Штаб-пәтері Лос-Анджелесте орналасқан.

АҚШ билігі вейпингпен байланысты өкпе аурулары індетіне қарсы күрес жолдарын іздеуде. Соңғы мәліметтер бойынша, 39 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адамның өкпесіне зақым келген. Көптеген жағдайларда марихуана немесе витаминдермен қоспаларды қолдану туралы сөз болды, алайда электрондық темекілер де күдік тудырды. Сонымен қатар, электронды темекі қолдану жасөспірімдер арасында қарқынды өсуде — соңғы мәліметтер бойынша, жоғары сынып оқушыларының 28% — ға жуығы осы темекіні пайдаланады екен.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Растаймыз!

Ұқсас материалдар

Back to top button