Әлем

ҚЫТАЙ ҮКІМЕТІ ТҰТҚЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР МЕН ҰЙҒЫРЛАР ТУРАЛЫ ҚҰПИЯ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯ ЕТТІ

«Таймс» алған Қытай Үкіметінің ішкі құжаттарының 400-ден астам беті Қытайдың соңғы үш жылда отбасын бөліп, тұтқындалған миллиондаған этникалық ұйғырларды, қазақтар мен басқа да адамдарды және тұтқындарға арналған лагерьлерге баруға мәжбүр еткен ресми тұлғалардың сөздерін көрсетеді.

Төраға Си Цзиньпиннің сөйлеген сөздерін және қадағалау жөніндегі директиваларды қамтитын құжаттары мен жоғары лауазымды адамдардың талаптары Синьцзяндағы лагерлерді құруға алып келді. Ол жерде тұтқындардың «идеологиялық өңдеу мен жауап алу уақыты» өтеді.

Бұл құжаттарды Қытайдың саяси истеблишмент мүшелерінің бірі жария етті. Ол құпия құжаттардың ашылуы партия көшбасшылары мен Си мырзаны қоса алғанда, жаппай ұстағаны үшін жауапкершілікке әкелмейтінін айтады.

Түсіндіре кетейік, суреттегі құжатта тергеу барысындағы сұрақ-жауаптар көрсетілген. Толығырақ:

  • Сұрақ: Сенің үйіңдегі адамдарың қайда?
  • Жауабы: Олар әкімшілікте ашылған тегін дамыту орталығында оқып жатыр. Ол жерде бәрі қолайлы, жылы жатақхана, ыстық тамақ бар. Бәрі керемет, бізге қолайлы, — деп жазылған.

Бұл Қытайдың оларды біз қамап, қинап жатқан жоқпыз деген іс жасыру жолы сияқты, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты New York Times-қа сілтеме жасап.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button