ЖаңалықтарОблысҚоғам

Қыстау Ілесов: Президенттің жолдауын мұқият тыңдадым…

Қыстау Ілесов

Қадірлі әлеумет! Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын теледидар арқылы көріп, мұқият тыңдадым.

Жолдауда мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін көтеру, мәдени-рухани дамуын жетілдіру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелеріне барынша назар аударылды.

Республика Президентіне тікелей бағынатын стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі құрылып, еліміздің жақын жылдары дамуының көрсеткіштерін нақтылап жасау жүктелгені, мемлекеттік қызметшілердің саны екі жылда 25 пайызға қысқарып, олардың жалақысы көтеріліп, жауапкершілігін арттыру мәселесі қозғалды.

Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіліп, құқық қорғау және сот саласында реформалар жүргізу, қылмыстың алдын алу, бұзақылыққа жол бермеу мақсатында полиция, прокуратура, сот қызметкерлерінің міндеттерін нақтылау туралы айтылды. Сонымен қатар білім және медицина саласын реформалау, материалдық-техникалық базасын жақсарту, қызметкерлердің жалақысын жоғары деңгейге көтеру дұрыс шешім деп ойлаймын.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты әлеуметтік кодекс қабылдау қажеттігі де атап өтілді. Президент Жолдауында қоғамдық кеңестердің жұмыстарын жетілдіру Заң жүзінде мәртебесін бекіту туралы айтылып, жергілікті жерлерде тұрғындардың кез-келген мәселесінің дұрыс шешілуіне белсенді қатыстыру сөз болды. Көптен көтеріліп келе жатқан жергілікті әкімдерді бүкілхалықтық сайлауды келесі жылдан жүзеге асыру мәселесі көтерілді. Президент Жолдауын толығымен қолдай отырып, баршаңызды Жолдауды жүзеге асыруға атсалысуға шақырамын.

Қыстау Ілесов,

Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button