Республика

ҚР Еңбек министрлігі жаңа жылдық корпоративтің орнына балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасын (таңертеңгілік) өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, Rastimes.kz — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі — Еңбекмині) қызметкерлері мерекелік корпоративті шараның орнына табысы аз және көпбалалы отбасылардан шыққан 300 балаға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық таңертеңгілік өткізуге шешім қабылдады, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Еңбекминінің ұжымы мұқтаж отбасылардың балаларына таңертеңгілікті және сыйлықтарды ұйымдастыруға ерікті түрде ақшалай қаражат жинады

«Біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істейміз. Біздің ұжымның әрбір қызметкері көмекке және әлеуметтік қолдауға мұқтаж қазақстандықтардың өмірін жақсартуға өз үлесін қосады.  Бұл қайырымдылық акциясы биылғы жылы жұмысымыздың жақсы аяқталуы болады деп есептеймін!  Ал, балаларға мереке сыйлау – игі іс», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Жаңа жылдық ертеңгілікке шақырылатын балалардың тізімін Еңбекмині қызметкерлері елордалық әкімдіктің мамандарымен бірлесіп жасады. Оған табысы аз, көпбалалы отбасылардан шыққан 300 бала, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар кірді.

Мерекелік шара 29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді. Балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге шыршаның айналасында билеп, «Ақ патшайым» театрландырылған қойылымын тамашалап, сыйлықтар алады.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button