Без рубрики

Қазақстанда екі адам коронавирус жұқтырды

Rastimes.kz — ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі қазақстандықтың коронавирус жұқтырғандығын хабарлады.

Қазақстанның екі азаматы Германиядан Қазақстанға оралған. Олардың бірі елге 9 күні, екіншісі 12 наурыз күні келген.

«»Елімізде 3 айдан бері коронавирусқа қарсы көп шаралар іске қосылды. Өкінішке орай, бүгін екі қазақстандық азаматтың коронавирусқа шалдыққаны анықталып отыр. Олар қазір карантинге жатқызылды. Жалпы, оларға барлық қажетті ем жасалып жатыр. Медицина қызметкерлері қажетті дайындықтан өткен. Коронавирусқа қатысты қосымша ақпаратты call-орталықтың 14 06 нөміріне хабарласып, біле аласыздар», — деді министр Е. Біртанов

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусына байланысты пандемия жариялады. ДДСҰ басшысы соңғы екі аптада Қытайдан басқа елдерде коронавирус жұқтырған жандардың саны 13 есе, ал, вирус тіркелген елдер саны 3 есе өскенін хабарлады.

10 наурыз күні еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ғалымдардың болжамынша, Covid-19 Қазақстанда 11 наурыз бен 16 наурыз аралығында тіркелуі мүмкін екенін айтқан еді.

Қазақстан осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген елдер қатарында болып келді. Кеше, 12 наурыз күні Қазақстанда барлық спорттық, мәдени, бұқаралық және мерекелік шараларға тыйым салынды. Вирусқа шалдыққан алғашқы адамның тіркелуінен кейін сақтық шаралары күшейтіле түсті.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button