ЖаңалықтарҚоғам
Trending

Қазақстанда банктер жабылады

Шотты ашпас бұрын, қаржы институтының Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына мүшелігін анықтап алу керек.

Қазақстанда бірнеше банк таратылу алдында тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін елімізде 130-дан аса екінші деңгейлі банк таратылған. Оның бірі – Тенгри банк еді. Тағы алтауы лицензиядан айырылғалы тұр. Банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқовтың айтуынша, Азия Кредит пен Кэпитэл Банктың жағдайы мәз емес. Қаржылық тұрақсыздыққа байланысты олар бірігуді көздеп отыр. Бірақ қаржы институттарының қайтарылмаған несие үлесі басым. Сондықтан лицензияны сақтап қалу мүмкін бе?

Ақшаңызды бірнеше банкте сақтаңыз:

Қазір еліміздегі 27 екінші деңгейлі банк салымшыларының депозиттері заңмен қорғалады. Бұл тізімге ислам банктері кірмейді. Сондықтан шотты ашпас бұрын, қаржы институтының Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына мүшелігін анықтап алу керек. Әйтпесе, бар жинағаныңыздан айырылуыңыз мүмкін. Мамандардың айтуынша, әлемнің 140 елінде депозитті сақтандыруға кепілдік беру тәжірибесі бар. Десе де, экономистер ақшаңызды бір емес, бірнеше банкте сақтауға кеңес береді.

Rastimes.kz сайты

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button