Спорт

ҚАЗАҚ БОКСШЫСЫ 58 РЕТ ЖЕҢІЛГЕН БОКСШЫДАН МЫҚТЫ ЕКЕНІН КӨРСЕТТІ

РЕСЕЙ, Rastimes.kz — Қазақстандық боксшы Ержан Ордабаев кәсіпқой бокста екінші рет жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ержан Ордабаев 73 жекпе-жекке шыққан ресейлікті нокаутқа түсірді. Ол екінші жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады.

Ордабаев карьерасындағы екінші жекпе-жегін Ресейдің Каневская станицасында өткен «Гладиатор — 5» бокс кешінде өткізді.

Ордабаевтың қарсыласы ресейлік Александр Салтыков болды. Оның жекпе-жекке дейінгі рекорды 12-58-3, 7 КО болған.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын, алайда, екінші раундта қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтап отыр.

Ордабаев кәсіпқой рингке алғаш рет қыркүйекте Мәскеуде шығып, белоруссиялық Антон Бекишті (5-21-1, 4 КО) екі рет нокдаунға түсіріп, берілуге мәжбүр еткен…

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button