Без рубрики

Қала әкімі Ерлан Айтаханов көп балалы аналармен кездесті

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қала тұрғындарымен кездесті, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Қайырымды қала атанған Шымкент қаласы жаңа жылды ерекше жаңалықтармен бастады.

Миллионнан аса халқы бар Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қала тұрғындарымен кездесті. Жұмыс барасымен қала әкімі мегаполистің төрт аудан әкімдігіне барды. Жаңа форматта мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарымен танысып, тұрғындардың мұқ-мұқтаждары мен өтініштерін тыңдады.

Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Шымкент қаласына іс-сапармен келді. Алдымен атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілермен кездесіп, биыл жәрдемақының жаңа форматта тағайындалатынын айтты. Және де мемлекет тарапынан берілетін біршама әлеуметтік көмек туралы түсіндірді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының 5 мекен-жайында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш қабылдау пунктері құрылған.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button