ҚалаӘлеумет

ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛАНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚТЫ ҚУАНТТЫ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласындағы Қаратау аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының қолдауымен «Шымкент – қайырымды қала» акциясы өтті, — деп хабарлайды Шымкент келбеті газетінің тілшісі.

Қайырымдылық іс-шарасында жалпы сомасы 4 миллион теңгенің азық-түлігі, тұрмысқа қажет заттар 70 отбасыға таратылды. «Пионер», «Дары Сайрама», «Асыл май» зауыты және «Маханова» жеке кәсіпкерлігінің өкілдері тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Аудан әкімі Абзал Әліқұлов мұндай акциялардың аудан аумағында жиі өткізілетінін айтады.

– Шымкент – қайырымды қала. Бұған бүгінгі іс-шарамыз оң сипат беріп отыр. Ауданымыздағы кәсіпкерлерге өтініш айтып едік, бір ауыз сөзге келместен келісе кетті. Осы орайда қаратаулық кәсіпкерлердің белсенділігін атап өтпеске, алғыс айтпай кетуге болмайды! Қолы ашықтың – жолы ашық, әрдайым жолдарыңыз ашық болсын! — деп Абзал Шымкентбайұлы көмек қолын созған кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Қаратау аудандық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гүлсина Бердібекова жоғарыда аты аталған, аталмаған кәсіпкерлердің қайырымдылық акцияларына жиі қатысатындарын мәлімдеді.

«Мәселен, Қайнарбұлақ саяжайында өртеніп кеткен 3 үйдің шатырын жауып берді. Екі аяғынан айрылып, тағдыр тәлкегіне түскен мүмкіндігі шектеулі бір азаматтың беташарын өткізіп бердік. Аудан аумағындағы мектептерге 1 млн теңгенің затын табыстадық. Біз қашан айтсақ та кәсіпкерлер «жоқ» деген емес», — дейді маман.

(с) Мөлдір Кенжебай

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button