ҚоғамӘлеумет

ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛАНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА КӨМЕК БЕРДІ

ШЫМКЕНТ. Rastimes.kz – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Әмірбеков алапат өрттен зардап шеккен жалғызбасты анаға көмек көрсетті, — деп Rastimes.kz сайты.  

Зардап шеккен ананың жағдайымен танысуға Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Әмірбеков пен Nur Otan партиясының Қаратау ауданы филиалы төрағасы Әбдез Рахманұлы барды.

Өрттен баспананың түгі қалмаған. Сол үйдің 10 жасар қызы ауруханада жатыр. Жағдаймен танысқан мәслихат депутаты Талғат Әмірбеков зардап шеккен отбасыға толықтай көмектесетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Қайнар бұлақ саяжайының 48 жастағы тұрғыны, жалғызбасты ана Бекбосинова Гулмира Боранбайқызының баспанасы өртеніп кеткен еді. Салдарынан жалғызбасты ананың жалғыз қызы зардап шекті. Қызы түтінге ентігіп, ауыр хәлде №6 қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Бұл хабар Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімдігіне жеткен. Әкімдік пен кәсіпкер Мейірман Сәбитов тарапынан дер кезінде көмек көрсетілді.

Айта кетерлігі, Қайнар бұлақ саяжайында орналасқан №83 жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен мектеп директоры Михеев Берікбай апат орын алған күннен бастап, көмек көрсетуге білек сыбана кіріскен.

Данышпан Әл Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» трактатында:

«Кез келген нәрсеге шын көңіл білдіріп, шынайы таңдау жасап, талаптанып жетуге болатындықтан кез-келген қалада бақытқа қол жеткізуге болады.

Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қала – «қайырымды қала» — дейді.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button