Қала

Полицейлерге соттың үкімі шықты

Экс-полицейлерге ОҚО ІІД тіркеу-емтихан бөлімінде пара алу туралы ісі бойынша соттың шешімі шығарылды – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Аталған іске байланысты 38 фигурант болған. Олардың 26-сы ОҚО ІІД бұрынғы қызметкерлері. Олардың барлығы 2016 жылы атышулы арнайы операция кезінде ұсталған болатын.

         Ағымдағы жылдың 11-ші қарашасы күні Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ОҚО ІІД тіркеу-емтихан бөлімінің басшысы А.Жаппаровқа 11 жыл, Сайрам, Бәйдібек, Мақтаарал аудандары мен Түркістан қаласының тіркеу-емтихан бөлімдерінің бұрынғы басшылары Қуанышбеков, Әбдиғалиев, Агабеков пен Тургелдиев, әрқайсысына 10 жыл кесілді.

Rastimes.kz

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button