ЖаңалықтарӘлем
Trending

Пашинян: Армения халқы соғысуға дайын

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты халқына үндеу жасады.

Пашинянның сөзінше жағдай халықаралық деңгейде асқынып кетуін мүмкін.

«Армян халқы соғысқа дайын. Әзербайжанда армянфобия барын баяғыдан білетін, жаулық мен жеккөрушілік басқа жағдайға апармайтыны белгілі еді. Армения Арцахтың (Таулы Қарабах) тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі. Армения өз халқының потенциалы мен мемлекеттік жүйесімен тауған жердің шекарасын қорғауға бар күшін салады», – деді премьер-министр.

Таулы Қарабақтағы жағдай бүгін таңертең ушыққан. Армения тарапы Әзербайжан қарулы күштері әуеден шабуыл жасады десе, Әзербайжан тарапы шабуылды бірінші Армения бастады деп отыр.

Бұл іске халықаралық ұйымдар араласып, қан төгіссіз шешіледі деп үміттенеміз.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button