Без рубрики

Өзбектің кәсіпқой боксшысы сегізінші жекпе-жегінде әлем чемпионы болды

МАЙАМИ, Rastimes.kz — Ол Олимпиадада Ералиевті жеңген болатын.

Өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиев екінші ең жеңіл салмақта екі титул жеңіп алды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Майамидегі Meridian at Island Gardens аренасында өткен бокс кешінде Ахмадалиев амеркиалық Даниэль Романнан IBF және WBA (Super) белбеулерін тартып алды.

Жекпе-жек толық 12 раунд өтті. Өзбекстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңді (115-113, 115-113, 113-115). Осылайша, ол Өзбекстан боксшылары арасында алғашқы әлем чемпионы атанды. Бұл оның сегізінші жекпе-жегіндегі сегізінші жеңісі, оның алтауы нокаутпен.

Еске салайық, 2016 жылы Олимпиадада Ахмадалиев ширек финалда қазақстандық Қайрат Ералиевті жеңіп, қола жүлдегер болған. Ал 2017 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы қарымтасын алып, турнирдің алтынын иеленді. Осыдан кейін өзбек боксшы кәсіпқойға өтіп кетті.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button