ҚоғамӘлем

ӨЗБЕКСТАНДА ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

ТАШКЕНТ. Rastimes.kz — Қазақстан жылы аясында Өзбекстанда 21-22 қарашада Өзбекстанда Қазақстан медицина күндері өтуде, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты.  

Іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау
жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағыөзара іс-қимылды кеңейту, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірбие алмасу болып табылады.

Осы мақсатта ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов бастаған 70-ке жуық қазақстандық делегация шет елде іс сапармен шет елде жүр. Оның ішінде жетекші медициналық клиникалар мен бейінді медициналық және медициналық жоғары оқу орындары, IT және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы компания өкілдері бар.

 Іс-шараның бірінші күнінде қазақстандық медицина жетістіктерінің форумы мен көрмесі өтуде. Форумға қатысушыларға Қазақстанның денсаулық сақтау реформаларымен, тәжірибелік медицинада қолданылатын инновациялармен және озық технологиялар таныстырылды.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі 


Ұқсас материалдар

Back to top button