Без рубрики

Өтініш беруші жұмыстан бас тартса, отбасы мүшелерінің бәрі жәрдемақыдан айырылады

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталған атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын түсіндіру мақсатында қала әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен баспасөз брифингі өтті, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Брифингте жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке өтініштердің қалай қабылданатыны айтылды.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында АӘК-ке құжаттар 5 мекен-жайда қабылданады. Олар:

  1. Бәйтереков көшесі, 89. Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты;
  2. Бәйдібек би даңғылы, 60. Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимараты;
  3. Тыныбаев көшесі, 49. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимараты;
  4. Тәуке хан даңғылы, 3. Абай ауданы әкімі аппаратының ғимараты;
  5. Толстой көшесі, 119. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ғимараты.

Тұрғындардың өтініштерін қабылдау жұмыстарына 40-қа жуық еріктілер жұмылдырылмақ. Бұл қызметкерлер мен тұрғындар арасындағы түсініспеушіліктерді ретке келтіреді. Яғни, еріктілер мекеме қызметкерлерімен қала тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасы мүшелерінің барлығы АӘК алу құқығынан айырылатын болады.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button