Жаңалықтар
Trending

Мұрат Әйтеновтің қарызы қанша?

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов салық төлемеген. Бұл туралы PROTENGE өзінің Instagram парақшасында жариялады, — деп хабарлайды No-comment.kz  сайты.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, бірнеше әкім 1 қазанға дейін төленуі керек болған жер және мүлік салығын өтемеген. Оның ішінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мемлекетке 39 194 теңге 72 тиын қарыз. Сондай-ақ, ол тізімде 5 950 теңге 06 тиын салық төлеуі қажет Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен 33 935 теңге салығы төленбеген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те бар.

Тағы бір қызығы, аталған ақпаратқа желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. Оның ішінде «Мұрат Дүйсенбекұлы, не енді мынау? Ұят қой, ертеңнен қалмай төлеп тастаңыз», «Олар бұны білмейді, айлығынан ұстап қалу керек», «Тағы да Шымкент…», «Әйтеновтің ақшасы болмаса өзіміз жинап берейік» деген пікір қалдырған тұрғындар.

NoComment сайты

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button