Мәдениет
Trending

Микеланжело Антонионидің «Жатсыну» трилогиясы

Итальялық режиссер Микеланжело Антонионидің «Түн» («La Notte») кинокартинасында кейіпкер Лидия өз ғашығымен арадағы қарым-қатынастың басын ашып, болашақтары туралы сөз қозғамақ болады. Дәл сол сәтте сүйіктісі Джованни оған мүмкіндік бермей, Лидияны сүйіп алып, осылайша қатынастарын талқылауға деген құлықсыздығы мен енжарлығын танытады. Фильмнің соңындағы дәл осы мезетін белгілі режиссер Андрей Тарковский өзенге батып бара жатқан қос ғашықтың соңғы аймаласуы деп бағалаған еді.

Антонионидің «Жатсыну трилогиясы» түрлі тағдыр кешкен жандардың осылайша махаббат теңізінде адасып, бір-бірінен алшақтап, өз тұңғиықтарына өздері батып кететін шарасыз күйін көрсетеді. Тұрмыс діңкелетпей, көйлектері көк болса да, Антониони кейіпкерлері бір-бірімен ұзақ та мағыналы бастысы шынайы қатынас құра алмайды, олар жалыққан.

Ролан Барт режиссердің «Оқиға» («L’Avventura») картинасын «фильмдегі алғашқы жаңалық» яғни бір сюжеттің соңы қашан да жаңа бір оқиғаның басымен тәмамдалатыны туралы жазыпты.  Ал «Тұтылу» (L’eclisse) фильмінің соңында бас кейіпкерлер камераның фокусынан жоғалып кетеді, олар дәл солай кездесуге уәделесіп, бірақ кездесетін межеге екеуі де келмеген еді яғни жоғалтқандарын одан сайын жоғалта түсуге талпынған бейнелер көрермен үшін де ізім-ғайым жоқ болады. Камера фокусында тек көңілсіз қала мен оның көңілсіз архитектурасы ғана бар. Антонионидің «Жатсыну трилогиясы» қатынасқа деген құлықсыздық арқылы біз өмірде кейде өзімізге-өзіміз мойындағымыз келмейтін сезімдерді танытады.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button