ЖаңалықтарСаясатӘлем

Мэнни Пакьяо президент болудан бас тартты

Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді.

Дәл қазіргі уақытта боксшы отанында сенатор қызметін атқарады. Ол 2022 жылы өтетін президент сайлауына қатысатыны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда боксшының өзі Филиппин БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында президент сайлауына түспейтінін айтқан.

«Қазір саясатқа араласатын уақыт емес. Елде шешімін таппаған проблемалар көп. Дәл қазір барлық қиындықтан аман-есен өту үшін халық бірігіп, ұйымшыл болуы қажет», – деп келтіреді Мэнни Пакьяоның сөзін The Manila Times.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button