Тұлға

МАРДАН САПАРБАЕВТЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласының орталық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасында ұлағатты ұстаз, академик Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевты еске алу кеші өтті, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Еске алу кешінде академик, спорт шебері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мардан Баймұрзаұлы Сапарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсау кесу кеші өтті. Спорт майталманымен өткен есті ғұмырын жары, М. Сапарбаев институтының президенті Гүлшара Сәрсенғалиқызы ерекше толғаныспен еске алды.

Кешті жазушы Күлия Айдарбекова Смайылханқызы жүргізді. Мардан Баймұрзаұлының қоғамдық өмірі мен руханият саласында өз өнеге-өрнегін қалдырған үлкен жүректі азаматтығын айта өтті. Кешке қоғам қайраткерлері, ақын, жазушылар және шәкірттері қатысты.

Айта кетейік, Шымкент қаласында академик Мардан Сапарбаевтың атымен аталатын М. Сапарбаев институты мен М. Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжі және бір көше бар.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button