Мәртебелі поэзия мінбері: Хан қызындай — Ханбибі

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — «Мәртебелі поэзия мінберінің» төрінде бұл бейсенбіде ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы болды, деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Жиынға келушілер алдымен «Отырар» кітапханасының екінші қабатындағы қаламгердің шығармашылығына арналған кітап көрмесін тамашалады. Ақынның «Жібек» атты кітабын өзбек тіліне аударған Сағатай Камалқызы мен Зокиржан Моминжанов, Абдугаппар Абдурауовтар сөз алып, кеш иесіне құттықтау лебізін білдірді.

Ал ақын Анар Жаппарқұлова кәдуілгі қиып түсер қылыштай мінезді ақынға арнау өлеңін оқып, «Өзінің күйеуіне, ғашығына, Қазақта өлең жазған сіз ғанасыз!» – деген жыр жолдарын өлеңге қосты.Бұдан кейін ОҚМПУ студенттері Ханбибі Есенқарақызының жырларын әдеби композиция оқыды.

Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншілері ақынның сөзіне жазылып, халық арасында кеңінен танылып кеткен «Нүрикамал», «Алтынай» сияқты әндерді орындады.Ал ҚР Мәдениет қайраткеріә Хадиша Шалабаева кеш иесінің «Дос іздедім» деген өлеңіне ән жазған екен, соны орындап берді.

Ақын Ханбибі Есенқарақызының өзі Абай Құнанбаевтан теріп алған өлеңдерімен қатар «1997 жыл. Қыс» сияқты өлеңдерін оқыды. Абайды поэзияның пайғамбарына теңеді. Сонымен бірге «Поэзия махаббатпен басталып, парасатпен аяқталуы керек» дегендей пәлсапалы ойларын да жеткізді.

(с) Мөлдір Кенжебай

Фото: Серик Косаев

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Перейти к верхней панели