ЖаңалықтарСпорт
Trending

Ломаченко Лопеске қарсы жек-жектен қанша қаржы тапты?

WBA, WBO және WBC нұсқалары бойынша жеңіл салмақтағы украиналық әлем чемпионы Василий Ломаченко американдық Теофимо Лопеспен жекпе-жек үшін 3,25 миллион доллар алды.

Ломаченконың ақысы бастапқыда 3,5 миллион болды, бірақ ол 250 мың долларын IBF чемпионы Лопеске беруге келісті. Лопес шарт бойынша 1,5 миллион доллар сыйақы алмақ.

Бүгін Ломаченко мен Лопес жекпе-жегі Лас-Вегаста өтті. Оны ESPN арнасы pay-per-view жүйесі арқылы көрсетті.

Бүгінгі екі чемпионның арасында өткен жекпе-жек Тефимо Лопестің жеңісімен аяқталды. Сонымен Лопес жеңіл салмақта әлемнің абсолютты чемпионы атанды. Ал, Василий Ломаченко барлық белбеулерінен айырылып, карьерасында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Былтыр Ломаченко соңғы жекпе-жегінде британдық Люк Кэмпбеллді жеңді, ал Теофимо Лопес өткен желтоқсанда Ричард Коммиді жеңген болатын.

Rastimes.kz сайты

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button