ҚалаҚоғам

Кәсіпкерлердің заңға «қойғаны» бар ма?

Кеше Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Восток мөлтек ауданындағы «Хва Бун» корей асханасының алдында тұрғындар арасында келіспеушілік туындаған. Басты себеп, Қытайдан көшіп келген этникалық қазақ қандастың құқығының тапталуында. Бұл жөнінде желі қолданушысы, ақын Сүндет Сейітов фейсбук парақшасында жариялады.

Толығырақ:

Шымкент қаласының бас прокуратурасының,
Шымкент қаласы сотының,
Шымкент қаласының Полиция департаментінің,
Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Ә. Төлебаевтың,
Шымкент қаласы Нұр Отан партиясының,
Шымкент қаласы әкімдігінің назарына!


Мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз деп күйіп-пісіп жүрсе, ал кәсіпкерлердің кейбірі заңды да, басқаны да пысқырмай жүр. Карантин режиміне көзбояушылықпен ғана бағынатын сияқты. Оларға басқасы қызық емес.

Бүгін Қытайдың Тарбағатай аймағынан келген Ерсін деген сазгер досыммен бір ән жазуды ақылдаспақ болып, әрі досым мені қонақ етпекші боп, Еңбекші ауданына қарасты аты қасиетті «ХВА БУН» кәріс асханасына онлайн орынды брондап, тапсырыс беріп қойды. Сосын көп уақыт болмай әлгі асханаға бара қалдық. Бұ уақытта телефоным шырылдап қап, сөйлесіп кеткен едім.

Мені күтпей Ерекем даяшыға асханадан онлайн орын алып қойғанын қазақшалап айтқан сәтте, ана қазекем орысшалап дүрсе қойған. Клиентке құрмет, қызмет деген ой жоқ. Кафе даяшысының «қай жерден келген қазақсыз?» деп қойған сұрағына Ерекең қайдан келгенін айтып, жауап берген. Оның орысша сөйлей алмайтынына әлгі дүмшелер күлген. Оған ашынған Ерекең бұрқан-талқан боп, маған келді. Екі арада келіспеушілік туғанын, не болғанын айтты. Соңыра атынан ат үркетін, түрі Әзірейілден қорқынышты «Альфа Юг» қауіпсіздік агенттігінің бір адамы келді. Иегінде мың пері, иығында қос періште, кеудесін кергенде, жаңбырлатып сөйлегенде кез келген адамыңды түкке тұрғысыз етіп жіберетін Ғалым деген әулие екен. Типа рэкет. Өзіне қарсы шыққанды ұрып жіберетін қояншығы бар адам екен. Әлгі агенттік өкілі Ғалым деген кісі Ерекеңе тәкаппарланып «Қазақ болсаң, нах.. Қытайда жүрсің» деп қатты айтты.

Жеке басына тіл тигізіп, азаматтық құқығын таптап, тіпті «заңыңа қойғаным бар» деген сөзі менің де шамыма тиді.

Бұл ашық қылмыс қой. Кафе әкімшілігі мен қауіпсіздік агенттігіне ондай бассыздық жасауға кім право берді. Олай айтуға ешкімнің правосы жоқ!

Ақыры Еңбекші аудандық полиция басқармасының полиция қызметкерін шақырдық. Одан ештеңе шыққан жоқ.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін Ерекең қысқаша видео түсіріп алды. Видеода әлгі терісқақпай охрана бар. Санитарлық ережені сақтамаған. Жалаңбет жүр. Жалпы заңға бағынбайтын, оңды-солды әрекеттер жасайтын бұндай ұйымдарға тоқтау бар ма өзі? Жекеменшік мекеме болса да оны бақылайтын мемлекеттік мекеме бар ғой. Оларды тексеру керек.

P/S: «Хва Бун» кафесінің карантин режимінде заңсыз жұмыс істеп жатқандығы жөнінде аз-маз ақпарат алдым. Санитарлық талаптардың орындалмағандығы және бар. Тағы «Альфа Юг» қызметкерінің әлгі астамшылдығы үшін өз мекеме басшылығынан және құқық қорғау органдары тарапынан (Шымкент қаласының бас прокуратурасы) шара қолданылуын және кафенің қаншалықты заңды жұмыс істеп жатқандығы һәм санитарлық ережелердің сақталған-сақталмағандығын қатаң тексеруін, заңды түрде шара көруін Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтан сұраймын! Сіздерге сенемін!

Заң бәріне ортақ болса, әлгі кәсіпорындар іс-әрекеті үшін жауап беруі керек!

Жауапты мекемелер, менің сауалыма жауап берулеріңізді сұраймын!,- деп жазды Сүндет Сейітов.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button