ҚоғамӘлем

Қытайдың тәрбие лагерлеріндегі сұмдықтың беті ашылды

Қытай үкіметі Шынжаңда жүз мыңдаған мұсылмандарды мәжбүрлі түрде лагерлерге қамап отырғанын дәлелдейтін құжаттары журналистердің қолына тиді. Бұған дейін Бейжің билігі Шынжаңдағы мұсылмандар тәрбие лагерлеріне өз еріктерімен кіргенін айтып еді. Шынжаңдағы лагерлерге байланысты құжаттарды Журналистік зерттеулердің Халықаралық Консорциумы (International Consortium of Investigative Journalists – ICIJ ) қолға түсірген.

Аталған ұйым Шынжаңдағы лагерлердің басшыларына берілген түсіндірмелер, лагер ішінде таратылған бюллетендер, сонымен қоса, бір ұйғыр азаматының діни көзқарасын білдіргені үшін 10 жыл лагерге қамау туралы шешім құжатын қолға түсірген. ICIJ бұл құжаттарды қолға түсірген құжаттарды әлемге танымал әрі ықпалды деген 17 ірі ақпарат құралдарымен бірге зерттеп көрген (олардың қатарында: BBC-дің «Панорама» бағдарламасы, Guardian қатарлылар да бар). Нәтижесінде: бұл лагерлер Бейжің билігі айтқандай «Білім беру орталықтары» емес екені; «Мұсылман азшылықтар онда өз еркімен барды» деген сөздердің мүлде шындыққа сай келмейтіні; Ең сорақысы – бұл құжаттар Шынжаңдағы миллионнан астам адамның ешқандай сот шешімінсіз еркіндігінен айырылып отырғаны белгілі болды.

Жария болған құжаттардың арасында Шынжаң аймағының қауіпсіздігіне жауапты жоғары лауазымды Жу Хайлүннің лагерлер туралы нұсқаулықтары да бар. Онда ол лагер басшыларына қатаң тәртіпті сақтауды, қашып кеткендерді қалай жазалау туралы көрсеткен. Жу Хайлүннің бұйрығы:

  • Лагерлерден ешкім қашып кетпеуі керек;
  • Тәртіпті оңау және көнбегендерді жазалау;
  • Кінәсін мойындату;
  • Тәрбиелеу курстарына басымдық беру;
  • Оқушылардың толықтай трансформациясын жүзеге асыру;
  • Жатын бөлмелерін, сабақханаларын толықтай бейне бақылауға алу;

Бұлардан тыс, аталған құжаттардан қамаққа алынғандар санының аса көп екенін де білуге болады. Айталық, құжаттардың бірінде 2017 жылы бір аптаның ішінде 15 мың адамның қамауға алынғаны туралы деректер бар.

Лагерлердің басты мақсаты идеологиялық трансформация жасау болғандықтан, төрт бірдей партиялық комитет «Толық трансформацияланған» деген шешімінсіз ешкім де лагерден шығып кете алмайды.

Адам құқығын қорғаушы халықаралық ұйымдар бұл құжаттар жарияланғаннан кейін Қытай билігі Шынжаңда адамдардың жадысын мәжбүрлі жуу әрекеттерімен айналыстып отыр деп айыптады. Оның арасында Human Rights Watch сынды ықпалды ұйымдар да бар. |

Естай БОЖАН

https://qazaqtimes.com/article/72395

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button