БілімТұлға

Ханзада Жумоң расында кім болған?

Чумон — корей мифологиясында Когурё мемлекетінің негізін қалаушы, Ко әулетінің арғы бабасы. Чумон туралы аңыздар негізінен, Пуё мемлекетінің негізін қалаушы Тонмён туралы аңызбен үндес.

Ертедегі жазбаларда (Квангэтхо-ван стелласы, 5 ғ., Вэй шу, 6 ғ.) Чумон туралы аңыз Тонмён аңызынан жеке айтылған. Бірақ 12 — 13 ғғ. дереккөздерде екі аңыз бірігіп, Тонмён-Чумон туралы аңыз Хэбуру және Кымва, Хэмосу және Люхва аңыздарының жалғасы болды. Тонмён аты Чумонның өлгеннен кейінгі храмдық аты болды.

Ли Гюбоның «Тонмён ван» поэмасындағы айтылатын аңыз бойынша, Хабектің қызы Люхва Аспан билеушісінің ұлының заңсыз әйелі болған. Оған күн сәулесі түскен соң, оң қолтығынан жұмыртқа дүниеге келген. Оны атқораға атқораға тастаса да, аттар оған тиіспейді. Жұмыртқаны адам аяғы баспаған тауға апарып тастайды. Дегенмен, аңдар жұмыртқаны қорғап, күзетеді. Үнемі ол өзінен жарық сәуле шашып тұрады. Жұмыртқаны анасына қайта әкеліп береді де, жұмыртқадан ерекше бала пайда болады. Ол бала кезінен садақ атудан алдына жан салмайды, сондықтан оған Чумон (Пуё тілінде — «керемет мерген») деген ат беріледi.

Пуё билеушісі Кымваның ұлдары, Чумонның ағалары, қызғаныштан Чумонды ағашқа байлап, олжасын тартып алады. Ағашты тамырымен қопарып Чумон үйіне қайтып оралады.

Чумон Чольбончхон ( «Вэй шу»: Хыльсынгольсон) жеріне келіп, астананың негізін қалады. «Капсин» жылында, яғни б.з.д 37 жылы Чумон 22 жасында таққа отырды. Мемлекетті Когурё деп атады.[1] Хэ тегін ауыстырып, Ко («биік») тегін алды. Чумонға көрші билеуші Сонъян бағынды. Чумон билігінің 19 жылында аспанға көтеріліп, кері қайтпады. Оның қалдығын Айдаһар (Ёнсан) тауынан тапты.[2][3] Аспан қалауымен Чумонның үлкен ұлы — Юри таққа отырды. 6 ғасырда Пхеньянда Чумон құрметіне тұрғызылған ғибадатхана — Кодынсина. Корё билеушілері (10-14 ғғ.) оған ата-баба рухы ретінде табынған.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button