Без рубрики

Хакан Шүкір: Ердоған менен бәрін тартып алды

Бала кезімде Хакан Шүкір мен Хаcан Шаштардың дәуірі жүріп тұрды. Солардың аты жазылған форманы кигіміз келетін.

Ердоғанды бірі түркі әлемінің батыры санайды, енді бірі керісінше ұнатпайды. Түріктердің өздері де тура осындай екіге бөлінген. Айтпағым мынау ғой.

Әйгілі Хакан Шүкір Ердоғанның саясатынан зардап шектім дегеніне бірнеше жыл болды. Футболдан Түркия құрамасының талантты ойыншысы, 2002 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Хакан Шүкір бүгінде АҚШ-та uberде таксист болып, жан бағып жүр екен. Әлемнің футболдан жарқын жұлдызына олай етуіне Ердоған жақтастарының қудалау саясаты әсер еткен.

Бірнеше жыл бұрын ол Ердоғанның партиясына мүше болыпты. Бірақ ондағы жемқорлықтың көптігінен партиядан өз еркімен шығып, оның жұмысын сынай бастаған. Ал 2015 жылы Түркиядағы қысымнан кейін мұхит асып, АҚШ-қа қоныс аударған. Оны қудалау жалғасып, барлық есепшоттары бұғатталған. 2016 жылы Хакан Шүкірді гүленшілермен қатысы бар деп айыптап, оған іздеу жарияланған болатын.

«Менің жұмыс істей бастаған себебім менде ештеңе қалмады. Ердоған менен барлығын тартып алды. Ол менен тәуелсіз болу құқығын, ой еркіндігін, жұмыс жасау құқығын алып қойды. Олар менің әйелімнің дүкеніне тас лақтырды, менің балаларыма көшеде қоқан-лоққы жасалды, мен әрбір жасаған үндеуімнен кейін қорқыту мен үркіту әрекеттеріне тап болдым. Мен елден кеткенімде олар менің әкемді тұтқындады. Менің осы уақытқа дейін жинаған барлық мүлкімді тәркіледі. Бұл менің отбасыма ауыр соқты. Қазір менімен қатынасы бар барлық жандар үлкен қаржылық дағдарыста жүр», — деді Хаkан «Рекорд» басылымына берген сұхбатында. Ол АҚШ-та ашқан кафесін белгісіз біреулер түртпектеп, кедергі жасағандықтан жауып тастауға мәжбүр болыпты.

Саяси ойындардың құрбандығына саясатқа қатысы жоқ адамдардың шалынғаны қиын-ақ.

Асхат Қасенғали

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button