Спорт

Головкин мен Роналду бірлесіп жаңа жоба дайындап жатқанын хабарлады

Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен футбол жұлдызы Криштиану Роналду бір жобаға қатысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшылар инстаграм парақшаларында жариялағандай, Туринде DAZN компаниясы үшін түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Досым Криштиану Роналдумен Туринде өткен керемет күн. DAZN-ға жаңа жоба дайындап жатырмыз», — деп жазған Головкин.

«Ювентус» форварды Головкинге өз командасының футболкасын сыйға тартса, GGG өз кезегінде боксер қолғабын табыстады.

«DAZN-ға арналған жаңа жобада ерекше досыммен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Сені көргеніме қуаныштымын, GGG», — деп футболшы да өз парақшасына пост қалдырған.

DAZN қызметінің Twitter желісіндегі парақшасында екі спортшының суреті жарияланып, «Екі Патша» деген жазба пайда болса, DAZN Global: «Екі ғаламат спортшымен қызықты уақыт өткіздік» деп жазды .

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button