ФилософияҚоғам
Trending

Гераклит саясаткерлермен сөйлескенше, балалармен ойнағанды жөн көрген

Гераклит философияда Құдай заңын пайымдаған алғашқы философ болды. Ол өз пайымдауларында бұл әлемнің жаратылуына Құдай мен адамдардың еш қатысы жоқ, ал мына әлемді Логос басқарады деді.

Логос сөзіне Гераклиттен бастап әр грек философы түрлі мағына берген. Ал аудармашылар болса, бұл сөзді «ақыл» деп жиі аударады.

Гераклиттің өзі Логосты түсіну қиын екенін және бұл көбінің қолынан келмейтінін айтқан деген дерек бар. Адамның жаны – от деп санаған философ олар дүниені реттеп тұрған рационалды оттан қашықтығына қарай үшке бөлінеді деген. Әрі оның адамның ең жақсы жаны – құрғақ жан деген пайымы қызық. Себебі адамның жаны от болса, ылғал – су, демек су – отты сөндіреді. Ал философ ғалымдар Гераклиттің бұл ойындағы ылғалды алкоголь деп санайды. «Ылғал» сөзінің қазіргі қолданысында мынадай мысал келтіріледі: соғыста қаза табатын қайсар және мықты адамдардың жаны құрғақ, ол суда қаза тапқаннан азап шекпейді, керісінше ғарыштық отқа қосылады (KRS 237).

Гераклиттің қарама-қарсы нәрселерді үйлестіру пайымының да философияда өз орны бар. Айталық, ол «аш болсаңыз тамақ сүйкімді, ұйқыңыз келгенде төсек сүйкімді» деген. Осы уақытқа дейін ғылымда дүние жаратылды ма, жоқ па немесе жойыла ма я жойылмай ма деген сауал дау тудырып келгені рас. Осыған орай Лаэреттік Диоген Гераклиттің «от-ауа-су-жер тізбегі-төменге жол, ал жер-су-ауа-от тізбегі жоғарыға жол» деген пайымын жеткізді. Егер бұл екі жол үздіксіз, өмірлік, ғарыштық үдерістің екі кезеңі ретінде қарастырылса, онда оларды бір жол деп есептеуге болады (D.L. 9.9 -11). Сонда жану мен сөнудің әр циклі тіршіліктен бөлек пайда болып, жоғалатын дүние ме?

Гераклит саясат философиясын қалыптастырған алғашқы философ. Бірақ ол саясатпен айналыспаған, саясаткерлермен тілдескенше, балалармен ойнағанды жөн көрген екен. Гераклит өзінен кейінге философтарға айтарлықтай ықпал етті. Бәлкім, Құдай заңы туралы пайымдаулардың түрленуіне философтың пайымы алғышарт болған шығар?

Shegirtke

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button