ҚалаҚоғам

Генерал майор Е. Жұмаханбетовтың оң нәтижесін берген тың жобалары

Генерал майор Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен — Шымкент қаласы Полиция департаментінің негізін қалаушы. Өйткені, аталмыш департамент бұған дейін ОҚО ІІД Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы ретінде жұмыс жасаған болатын.

1. #ЕралыЖұмаханбетовтіңбастамасымен — қала аумағындағы 48 көше қиылыстарында үш ауысымды полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Нәтижесінде, қала ішілік жолдарында көлік кептелісінің орын алуын болдырмады.

2. #ЕралыЖумаханбетовтіңбастамасымен — еліміз бойынша алғаш рет Шымкент қаласындағы барлық 147 мектептің алдында ювиналды полиция қызметкері үш ауысымды кезекшілікке тұрды. Нәтижесінде, жасөспірімдердің қатысуымен бірде бір жол көлік оқиғасы орын алған жоқ. Бастаманың оң нәтижесін ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев жоғары бағалап, Қазақстанның барлық өңірлеріне осы жобаны енгізуді бұйырды.

3. #ЕралыЖұмаханбетовтіңбастамасымен — жергілікті тұрғындармен кері байланысты күшейту мақсатында «жедел әрекет жасау» уатсап желісінде чат құрылды. Онда БАҚ өкілдері, блогерлер мен қоғам белсенділері қала аумағында орын алған келеңсіздіктерді фото не бейнежазбаға түсіріп, чатқа жібереді. Осы жолдаған ақпараттың негізінде полиция департаментінің қызметкерлері орын алған жайттарды дер кезінде тексеріп, заңды шешім қабылдауда.

4. #ЕралыЖұмаханбетовтіңбастамасымен – елімізде бірінші болып, апта сайын өтетін жеке қабылдау кездесуі фейсбук әлеуметтік желімінде тұрақты түрде онлайн режимінде өтіп келеді. Бұл полиция департаментінің ашық әрі жариялы түрде қызмет атқарып, халыққа етене жақындай түсіп, қызметтегі мөлдірлікті қамтамасыз етті.

 5.#ЕралыЖумаханбетовтіңбастамасымен – қала орталығына шалғай орналасқан елдімекен тұрғындарымен арнайы кездесті. Ондағы бекітілген жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын талдау, зерделеу мақсатында халықтың пікірімен санасты. Туындаған мәселеге қатысты сала мамандарына тапсырмалар жүктеп, белгілі уақыт аралықта оның орындалуына көз жеткізу мақсатында халықпен кезекті рет қорытынды кездесу ұйымдастырды.

 6.#ЕралыЖумаханбетовтіңбастамасымен – Шымкент қаласы №4 балалар үйінің 100-ге жуық тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алып, түрлі спорттық секцияларды ашып берді. Нәтижесінде балалардың мәдени-ағартушылық, сорттық бағыттағы ой-өрісінің дамуына әсер етіп, түрлі салада жетістікке жетуіне себепші болуда.

7.#ЕралыЖумаханбетовтіңбастамасымен – Т.Рысқұлов пен М.Х.Дулати көшесінің қиылысында, Бәйдібек би бағытына қарай жүретін таксилердің заңсыз тоқтауын, сол аумақтағы көлік кептелісін түбегейлі жою мақсатында таксилерге арнайы жолағын салды. Нәтижесінде, такси жүргізушілері жолаушылардың өміріне ешқандай қауіп төндірмейтін болды.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button