Без рубрики

Ғалымжан Ілиясов халыққа есеп берді

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Бүгін Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов аудан тұрғындары алдында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді, -деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Ғалымжан Молдабайұлы 2019 жылы жүзеге асқан негізгі жұмыстарды баяндап, тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдады.

Аудан тұрғындарын әсіресе жол, жарық, су сынды әлеуметтік мәселелер толғандырды. Атап айтар болсақ, Еңбекші ауданында 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер орналасқан.
2019 жылы 167,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 8,74 шақырым жолды асфальттау жұмыстары жүргізілген.

— Бадам шағынауданындағы 9 көшеге және «Оңтүстік» шағынауданындағы Еламан көшесіне ЖСҚ-ға сәйкес құрылыс құны 366 млн. теңге құрайды, 2019 жылы 50 млн. теңге бөлініп, Сарыарқа, Жаңару Үшқұдық, Үшқұдық-2, Керемет, Өнеге көшелерінде асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 26,4 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Тозығы жеткен жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары биылда жалғасын табады.

Аудан әкімі қойылған сауалдарға нақты жауап берді және тұрғындарды мәселелерді бірлесе шешуге шақырды.

Фото: Серик Косанов

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button