Без рубрики

Ержан Жұмабек: Ұлтымыздың «бастаңғы» дәстүрін қайта жаңғырту керек

Қазақ қыз болашағы бүтін бір елдің болашағы деп түсінген соң, қыздың тәрбиесіне ешқашан қырын қарамаған. Қызын ертең аяулы жар, ибалы келін, абзал ана атансын деп, бала кезден ұлтымызға тән қасиеттерді бойына сіңіруге тырысқан. «Қызға қырық жерден тыйым, қырық үйден қарауыл» деген тәрбиелік ұстаныммен қызды әрқашан қадағалап отырған.


Қазақ қыздарының көнерген ойын-сауық кештерінің бірі – бастаңғы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бастаңғыға «Ауылдың үлкендері жол жүріп кеткенде үйде қалған әйелдері, қыз қырқындары бас қосып ойын-сауық жасайтын салт-ырым» деген сипаттама берілген. Қыздар мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-сіңлілерімен бірге келетін болған. Кейде өнерлі жас жігіттер де шақырылған. Бастаңғы барысында түрлі ұлттық ойындар ойналып, күйлер шертіліп, әндер айтылған. Бұл салттың қыздар үшін екі түрлі тәрбиелік мәні бар еді. Алғашқысы – елмен араласа алуға үйрету. Екіншісі – қонақ күте білуге баулу.


Бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз жасалмағанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, «Шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады» деген сөз бар.


Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет ететіні анық. Қазақ қыздары түрлі отырыстарға, түнгі клубтарға барудың орнына бастаңғы жасағандары дұрыс сияқты. Еліміз аман болсын!

Ержан Жұмабек
ақын,
Түркия Республикасы Өмер Халисдемир университетінің докторанты

Ұқсас материалдар

Back to top button