Без рубрики

Ержан Жұмабек: Сәукеле киген жан қызым, кимешек киер жасқа кел!

«Қыз мұраты – кету», «Қыз – жат жұрттық» деп қыз баласын қадірлеп, оң жақтан орын берген халықпыз. Ата-ананың басты мақсаты – қызына басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу ұшыратын боласың деп барынша дұрыс тәрбие беру, сондай-ақ құтты жеріне қондыру. 

Елін ойлаған, ұрпағының қамын жеген ата-бабаларымыздың жолы – ұлағатқа толы. Қыз ұзатуға қатысты ұрын бару, қыз қашар, той малы, бата аяқ, сүт ақы, жігіт түйе, жасау, ау-жар, сыңсу, шарғы, қыз көші, түйемұрындық, өңір салу т.с.с көптеген салт, ғүрыптарымыз бар. Бұлардың арасында көнергендері де жоқ емес.  

Елімізде қыз ұзату тойларында жиі орындалып жүрген Жарылқасын Дәулеттің әніне жазылған «Қыз ұзату» атты өлеңімді ұсынамын. Сәукеле киген қарындастарымыз, кимешек киер жасқа келе берсін!

Қыз ұзату

Алмасар бір күн бір күнмен,

Өмірдің сырын кім білген?!

Уақыттың қалай өткенін,

Қызыма қарап білдім мен.

Жалғадың екі ел арасын,

Әкеңе әлі баласың.

Анаңның ерке қызы едің,

Енді өзің ана боласың.

Назданып бізбен аспан-жер,

Сыңсуда көңіл қосқан ел.

Сәукеле киген жан қызым,

Кимешек киер жасқа кел!

Ержан Жұмабек

ақын,

Түркия Республикасы Өмер Халисдемир университетінің докторанты

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button