ЖаңалықтарҚала

Еріктілер жылы ЖОО-ларда ерекше кейіпке енген  

Әлемді жайлаған пандемия қай мемлекетке , қай қалаға , қай аудан мен ауылға болса да басын сұқпай кетпеді. Ал аталмыш дерт елімізде өршіп тұрған кезде ел тұрғындарының азаматтығы сынға түсері сөзсіз. Осы орайда еріктілер еңбегі орасан зор маңызға ие. Себебі басын бәйгеге тігіп, тар жол тайғақ кешуде халыққа мейлінше көмек қолын созу — ақылы мен азаматтығы ұштасқан жандарға ғана тән қасиет. Ал еріктілердің еңбегін лайықты бағалау-еріктілікті қолдауды іспен дәлелдеудің бірден бір жолы.

Ерікті жастарға зор қолдау білдіретін Шымкенттік Silkway Халықаралық университетінің басшылығы мемлекетіміздегі төтенше жағдай кезінде белсенділік танытқан және Мақтаарал , Төле би аудандарындағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек қолын созған қырыққа жуық ерікті жастарды ынталандыру мақсатында оқу төлемақысынан толықтай босатты. Енді оқу ордасында оқитын ерікті жастар оқу ақысын төлемейді.

Одан бөлек оқу орны студенттердің отбасылық және әлеуметтік жағдайына, түрлі салада жеткен жетістіктері мен ҰБТ нәтижелерін ескере отырып, бес жүзге жуық студентке оқу төлемақысынан түрлі жеңілдіктер берді.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button