ЖаңалықтарОблыс

ЕҢБЕК БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ САЙРАМ АУДАНЫНА БАРДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, Rastimes.kz — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Сайрам ауданының бірқатар мекемелеріне барды, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Бірінші вице-министр Сайрам ауданының бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелеріне барды. Аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығында аудан тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, әлеуметтік сала қызметкерлерімен болған жиында бірінші вице-министр Ержан Жұматұлы 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы мен әлеуметтік кепілдендірілген пакеттің іске қосылатынын хабарлады. Осы жоспарға сәйкес жұмыстың нақты әрі проблемасыз жүргізілу керектігін қадап айтты.

Сонымен қатар, Сайрам ауданында кәсіпкерлігін ашуға және дамытуға ниет білдірген 129 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқытылып, жылдық жоспардың 107,5 пайызын құраса, ал 152 азамат шағын несиемен қамтылып, несиемен қамту жоспары 104 пайызға орындалды. Осы орайда бірінші вице-министр Ержан Жылқыбаев мемлекеттік грант иегерлерінің кәсіпорнына барды.

Еске сала кетейік, Сайрам ауданында 11 айдың жұмыс нәтижесінде 3 868 отбасына немесе 23 169 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып, қазан  айында 11 980 отбасыға (71 855 адамға) әлеуметтік көмек тағайындалған. Осыған қоса 2 790 адам бос жұмыс орындарына жолданған.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button