СаясатӘлем

ЕЛОРДА ӘКІМІ БЕЛАРУСЬ МЕМЛЕКЕТІНЕ БАРДЫ

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Беларуссияның астанасы Минск қаласына барды. Әкім қалалық атқарушы комитетінің төрағасы Анатолий Сивакпен кездесу барысында Нұр-Сұлтанда коммуналдық және арнайы техникаларды бірлесіп шығару өндірісі туралы талқылады.

Осы жазда «Астана Тазалық» техникаларының дайындығын қадағалау барысында ондағы техникалардың 30 пайызының ескіргені анықталды. Сондықтан қосымша арнайы техникаларды сатып алуға шешім қабылданды. Барлық процедура аяқталуға жақын.

Енді қараша мен желтоқсанда 60-тан аса техника келеді. Алғашқы кезеңде 120-дан аса арнайы техника алу жоспарланып отыр. Одан кейін де коммуналдық қызмет паркін жаңарту жоспарда бар. Бұл, әлбетте, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызып, қаланы таза ұстауға мүмкіндік береді.

Әкім Алтай Көлгінов қолдау көрсеткені үшін Беларусь Республикасындағы ҚР Елшілігіне алғысын айтты.

Ұқсас материалдар

Back to top button