ӘлемӘлеумет

ЕКІ МЕГАПОЛИСТІҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІ ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ТАШКЕНТ. Rastimes.kz — Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев және Өзбекстан мемлекетінің Самарқанд облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Давранбек Жуманиязов екі жақты меморандумға қол қойды.

Аталған екі жақты келісімнің мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту және екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Ең бастысы мегаполис дәрігерлерініңбіліктіліктерін артырып, тәжірбие алмасу болып есептеледі.

Бұл меморандум Қазақстанның Өзбекстандағы медицина күндері аясында түзілді. Сондай-ақ ауқымды шара аясындашет елдік медициналық ұйымдар және жоғары оқу орындары арасындакелісім жасалды. Айта кетейік, Өзбекстан мемлекетіндегі Қазақстан медицина күндері екі күнге жалғасады.

Ташкент қаласында өтіп жатқан ауқымды шараға Шымкент қаласынан денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев бастаған бір топ делегат қатысуда.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Back to top button