ТұлғаҚоғам

Досай Кенжетай: Нұреке, алаңдамай кетіңіз!..

Белгілі тарихшы Досай Кенжетай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында батыл жазба қалдырды. Толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз!

Аса құрметті Нұреке (Нұрсұлтан Әбішұлы), асқаралы 80 жасыңыз құтты болсын!

Асарыңызды асап, жасарыңызды жасадыңыз! Расында Қазақстан деген елдің әлемдік картадан орын алуында тарихи орныңыз бар. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Тарихи жадта қалдыңыз. Бірақ әр ақиқаттың өз уақыты бар. Енді сіз шегініңіз! Қалған өміріңізді, «мен не, қалай істедім?» Қай жерде мүлт кеттім? Енді не істеу керек? Деген сияқты эпистемиологиялық саяси теориялық һәм практикалық ұсыныстар мен талдауларға арнаңыз. Елге алаңдайсыз, оны біледі жұрт. Алаңдамай, кетіңіз! Өзіңіз үщін де, өзгелерге де ең дұрыс шешім. Ертең кеш болады.

Қазақта «бөрі кәрісін талайды» деген сөз бар. Ертең талапайға түсіп жатсаңыз, міне сонда елдікке, тарихқа сын болады. Былтыр игі қадам жасап, қуанттыңыз, бірақ толық емес. Биыл қалған қолдағы билікті тапсырыңыз, шегінің, кетіңіз биліктен! Себебі көп…

Сізге жалтақ президент те, үкімет те, билік те мына індет кезінде әбден сырын алдырды. Қордаланған ескі жүйені қайта заманауи жаңғырту үшін де сіздің шегінуіңіз шарт! Бұл қазақ әділетті де, намысты да, билікті де, төрені де, елдікті де рухында терең сезінетін халық. Сондықтан алаң болмаңыз!

Қайбір жылы да өзіңізге жазғанмын. Алладан ғұмыр тілеймін! Өлім хақ, ажал келіп, мына фани дүниеден көшіп жатсаңыз, Түркістанға, Әзірет Сұлтан бабамыздың қасынан жай табыңыз! Осылай ашық өсиет қалдырыңыз! Бұл қазақтың елдігі мен геополитикасына қызмет ететін болады. Тарихи санасына да елдік сабақтастық жібін жалғап кетеді. Көрдіңіз бе, сіздің мәйітіңіздің өзі, жерленген жері де маңызды. Себебі сіз қазақ мемлекеттілігінің арқауына айналдыңыз… әрине дер кезінде кетсеңіз… Ал, егер бұған құлақ аспасаңыз, мүсініңіз де, есіміңіз де, ісіңіз де құрдымға кетеді. Ол деген сөз қазақ мемлекеттігі ыдырау алдында деген сөз. Сіз салған Астана басқа елдің қаласына айналады… Бұл сізге керек пе? Меніңше сіз мұны қаламайсыз!

Досай Кенжетай

Ұқсас материалдар

2 Comments

  1. Досай Кенжетай тарихшы емес. Дінтанушы, теолог, философ

  2. Досекең батылдау әрі шындық ой айтыпты. Бір қатеңіз Әзірет Сұлтан қасынан орын табуға өсиет қалдырыңыз’ дегеніңіз’ бұл ондағы әруақтарға қатысты әділетсіздеу болады. Және бүгінгі саясаткерлердің ешқайсысын онда жерлеуге болмайды. Нұрсұлтан Әбішұлының өзі салған астанасының пантеонында мәңгіге орын тепкені абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button