Тұлға
Trending

Брюс Лидің 10 кеңесі

Брюс Ли’ (ағылш. Bruce Lee); туылған кезіндегі аты — Ли Сяолун (ағылш. Li Xiao Long, ересек кезіндегі аты — Ли Чжэньфань 27 қараша 1940 жыл, Сан-Франциско — 20 шілде 1973 жыл, Гонконг) — шығыс жекпе-жегінің шебері, АҚШ және Гонконг киноактері, сондай-ақ кинорежиссер, продюссер және сценарийші.

10 кеңес:

1. Білімді жинау — жеткіліксіз, оны іс жүзінде пайдалану керек. Армандау — жеткіліксіз, әрекет ету керек;

2. Мақсат міндетті түрде діттеген жеріне жетуі керек емес, ол келесі қадамыңызға деген бастапқы бағыт болуы мүмкін;

3. Жақсы күрескер байбалам салмайды, дайындалады. Ол ойламайды да, армандамайды да, кез келген жағдайға дайын болады;

4. Өлмес өмірдің кілті – ең бірінші кезекте ұмытылмастай өмір сүру;

5. Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды;

6. Өнердегі ең жоғары саты – қарапайымдылық;

7. Істеп көрген жан ғана кәсіпті игере алады;

8. Адам төбелесте кенеттен жеңіске жетеді. Ал жаттап алған жаттығуларды қайталау жеңіліске әкеледі;

9. Су секілді қозғал, айна сияқты шаттан, жаңғырық тәрізді жауап бер;

10. Ақшаның еш мәні жоқ. Ол тек белгілі мақсатқа жету құралы. Ақша неге қабілетті екенін және ең бастысы, не істеуге күші жетпейтінін түсінуіміз керек.

Rastimes.kz сайты

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button