ЖаңалықтарСпортӘлем

Бобиржан Момынов Америкалық боксшыны жеңді

Бүгін таңда Қазақстандық боксшы Бобиржан Момынов (11-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі өзінің 11-ші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандық спортшы Американың Лас-Вегас қаласы Невада штатында өткен бокс кешінде жергілікті Америкалық боксшы Камерон Краельмен (17-16-3, 4 КО) кездесті. Кездесуде төрешілер шешімімен Момынов жеңімпаз атанды.

CompuBox-тың статистикасына сүйенсек, Бобиржан Момынов жекпе-жектің барлық раундында жалпы 536 соққы жасаған. Оның 167-сі дәл тиген (31%). Ал, оның қарсыласы барлығы 299 соққы жасаған, дәл тигені 66 (23%). Бобиржан Момынов қарсыласының денесіне 42 ауыр соққы дарытқан.

Бірінші орта салмақ дәрежесінде өткен 6 раундтық жекпе-жекте Бобиржан Момынов айқын жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы осы жекпе-жекте $6 мың доллар сыйақы алды. Оның қарсыласы тәжірибелі боксшы Америкалық Камерон Краель $8 мың доллар сыйақы алды.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button